2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Абаттандыру АБАТТАНДЫРУ



Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелері


Алматы қаласының жасыл екпелерiн күтiп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXIII сессиясының 2018 жылғы 14 қыркүйектегi № 260 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 16 қазанда № 1504 болып тiркелдi

 

ҚР НҚА электрондық түрдегi эталондық бақылау банкi, 19.10.2018; "Алматы ақшамы" № 120 (5627), 23.10.2018 ; "Вечерний Алматы" № 128 (13449) от 23.10.2018


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешiмнiң 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жасыл екпелерiн күтiп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешiмдi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен ресми мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсiпкерлiктi және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсiн.
      5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      VI сайланған Алматы
қаласы мәслихатының XXXIII
сессиясының төрағасы

Б. Садықов

      VI сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
хатшысы

Қ. Қазанбаев

 

 

Алматы қаласы мәслихатының
2018 жылғы 14 қыркүйектегi
№ 260 шешiмiне
1 қосымша


Алматы қаласының жасыл екпелерiн күтiп-ұстаудың және
қорғаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Алматы қаласының жасыл екпелерiн күтiп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм), 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелердi күтiп-ұстаудың және қорғаудың үлгiлiк қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылғы 29 сәуiрде № 10886 болып тiркелген) сәйкес әзiрлендi.
      Қағидалар бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелерiне және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
      2. Қағидалар Алматы қаласының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау саласындағы тәртiптi айқындайды және қатынастарды реттейдi.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiру, халықтың денi сау, жайлы және мәдениеттi өмiр сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлiк дайындау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желiлердi және сумен жабдықтау, кәрiз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументтi өнердiң шағын сәулеттiк нысандары мен объектiлерiн орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейiн азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнiн, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетiлетiн қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
      2) ағаштарды кесу – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi – Рұқсаттар туралы Заң) 2–қосымшасының 159–тармағына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыс;
      3) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердiң, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерiмен үйлесiмдiлiкте өсiп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсiмдiктерiнiң жасыл екпелерiнiң сандық және түрлiк құрамы көрсетiлген жасыл екпелердi отырғызу жоспары;
      4) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (жалпыға ортақ инженерлiк жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
      5) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлiк болып табылатын және қаланың бiрыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егiлген ағаш бұтақты және шөптi өсiмдiктер;
      6) жасыл алқап – түрлiк құрамына қарамастан кемiнде 0,125 га аумақта кемiнде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ
      7) жасыл екпелердi түгендеу (тал басын санау) – қөгалдандыру объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөнiндегi iс–шаралар кешенi, сондай-ақ жоспарлы негiзде әрбiр көгалдандыру элементiн графикалық бейнелеу;
      8) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
      9) өтемдiк отырғызу – уәкiлеттi орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесiлген ағаштардың орнына отырғызу;
      10) жасыл екпелердi орман-патологиялық зерттеу зиянкестердiң (жәндiктердiң) болуын арнайы зерттеу, ауру белгiлерi мен ошақтарының болуын, дiңдерде, тамыр жүйесi мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгiлерiнiң болуын анықтау. Егер екпелердiң 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар мiндеттi түрде кесiлуi тиiс.
      11) шағын сәулеттiк нысандар – декоративтiк сипаттағы және iс жүзiнде пайдаланылатын объектiлер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
      12) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендердi сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзiнiң декоративтiк сапасын жоғалтқан, сау дiңдi және сүңгектi жасарту үшiн жарамды ересек ағаштардың кемiнде 3,5 метр биiктiктегi дiңдерiн кесу;
      13) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесi;
      14) ұйым – жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
      15) iргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектiлерiне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншiгiндегi, иелiгiндегi, жалға алуындағы басқа объектiлер шекараларына тiкелей (периметрi бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ
      16) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елдi мекендер iшiндегi құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының кiруiн қамтамасыз ететiн жол элементi;
      17) өтемдiк отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлiгiн, тұқымдық құрамын, көлемiн, күнтiзбелiк мерзiмiн, сонымен қатар жоспарлы негiзге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге, санитариялық кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
      18) жасыл екпелер тiзiлiмi – жасыл екпелердiң типтерi, түрлiк құрамы, алаңының көлемi, жай-күйi және орналасуы туралы деректер жиынтығы;
      19) жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау – жасыл екпелердi, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсiруге (оның iшiнде кесiлген жасыл екпелердi өтемдiк қалпына келтiруге) бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;
      20) жасыл екпелердi сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесiне түсетiн, аса құнды екпелердiң тұқымдарын сақтауға бағытталған iс-шаралар кешенi;
      21) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желiлерiнде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;
      22) тротуар – жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолдың жүру бөлiгiмен шектесетiн немесе одан көгалмен немесе арық жүйесiмен бөлiнген жолдың элементi;
      23) уәкiлеттi орган - жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау мәселелерiн реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;
      24) күтiп-баптау – өсiмдiктердiң жерасты бөлiгiн және топырағын күтiп-баптау (қоректендiру, суару, қопсыту және өзге де iс-әрекеттер);
      25) жасыл екпелердi жою – жасыл екпелердiң өсуiнiң тоқтауына әкелетiн зақымдану;
      26) ұшарбасты қалыптастыру – белгiлi бiр эстетиқалық түр беру және жасыл екпелердi жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пiшiндеуге келетiн бұтақтар мен өркендердi, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелердi кесу.

2. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау

1-параграф. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау шаралары

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншiк қосалқы шаруашылық аумақтарында, азаматтардың саяжай учаскелерiнде және коммуналдық қызметтерге қарасты зират учаскелерiнде өсетiн жасыл екпелердi қоспағанда, барлық жасыл екпелер қорғалуы тиiс Алматы қаласының бiрыңғай жасыл қорын құрайды. 
      5. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргiзiледi.
      6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөнiндегi барлық жұмыс түрлерi бекiтiлген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлерi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғалар, меншiк иелерi немесе пайдаланушылар жасыл екпелердi сақтау бойынша шараларды жүзеге асыруы, жасыл екпелердiң бүлiнуiне немесе жойылуына алып келетiн заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсiздiктерге жол берiлмеуi керек.
      Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      8. Қаланың аумағы шегiндегi жалпы пайдаланудағы аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар белгiленген тәртiпте келiсiлген қаланы дамытудың бас жоспарына және оны нақтылауға жататын жер учаскiлерiн есептемегенде құрылыс жүргiзiлмейдi.
      9. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларда белгiленген жасыл желектердi қорғау жөнiндегi талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады.
      10. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау мыналарды қамтиды:
      1) жасыл екпелердi отырғызу;
      2) ағаштардың дiңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, жасыл қоршамды қию, ағаштардың дiңiн көтеру, ағаш өскiндерiн жою;
      3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптердi отау, шөптердi шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерiн жауып ұстау;
      4) бүкiл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелердi суару;
      5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;
      6) тыңайтқыштар салу;
      7) жасыл екпелердiң зиянкестерiнен және ауруларынан қорғау.
      11. Жасыл екпелердi қайта отырғызу арнайы технологияларды сақтай отырып, күз түскен кезеңнен бастап көктемнiң бас кезiне дейiн жүргiзiледi.
      12. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету iс-шаралар вегетация басталғанға дейiн немесе күздiң соңында жүргiзiледi.
      13. Құрылыс және шаруашылық қызметтiң өзге де түрлерiн жүргiзу кезiнде осы учаскiде сақтауға жататын барлық екпелер механикалық және басқа да зақымдардан, олардың қорғалуын тиiмдi қамтамасыз ететiн арнайы қорғау қоршауларымен сақталады.
      14. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргiзуге бөлiнетiн учаскелерде жасыл екпелердi сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, Рұқсаттар туралы заңға сәйкес ағаштарды кесу (қайта отырғызу) уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
      15. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтiрудi 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      16. Жасыл екпелердiң барлық түрi есепке алынады.
      17. Алматы қаласындағы жасыл екпелердi есепке алу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тiзiлiмiне енгiзiлетiн, есепке алу объектiсiнiң шекарасында орналасқан жасыл екпелердi түгендеу және орман-патологиялық зерттеуi арқылы жүзеге асырылады.
      18. Уәкiлеттi орган жасыл екпелер тiзiлiмiн және оларды есепке алуды жүргiзедi.
      19. Жасыл екпелердi есепке алу нәтижесiн көрсететiн құжат ресiмделген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.
      20. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегi жасыл екпелердi түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргiзудi ұйымдар жүзеге асырады.
      21. Уәкiлеттi орган жасыл екпелердi түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшiрмесiн жасыл қормен жұмыс iстеу кезiнде ұсыным ретiнде пайдалану үшiн Алматы қаласы аудандары әкiмдерiнiң аппараттарына жiбередi.
      22. Алматы қаласының жасыл екпелер тiзiлiмi мынадай мақсаттарда жүргiзiледi:
      1) Алматы қаласындағы жасыл екпелердiң саны және күйi туралы шынайы кешендi мәлiметтер алу;
      2) Алматы қаласындағы жасыл екпелердiң саны және күйiне мониторинг жүргiзу;
      3) Алматы қаласындағы көгалдандырылған аумақтарды қорғау, сақтау және дамыту саласындағы қалалық саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау;
      4) жасыл екпелердi қорғау, сақтау және дамытуда тиiмдi әдiстердi әзiрлеу;
      5) тұрғындарды, мемлекеттiк органдарды Алматы қаласындағы жасыл екпелердiң саны және күйi туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
      23. Жасыл екпелер тiзiлiмiнiң мәлiметтерiн жаңарту 2 жылда 1 рет жүргiзiледi.
      24. Кесуге жататын жасыл алқаптар аумақтарында түрлiк құрамын, сандық және сапалық күйiн есепке алынатын учаске шекараларында жасын (диаметрiн) ескере отырып, жасыл екпелердi түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргiзу қажет, оны тапсырыс берушi осы жұмыс түрлерiн жүргiзуге құқығы бар ұйымдармен шарт бойынша жүргiзедi.
      25. Қалың өскен жасыл екпелер өздiгiнен құлаған кезде жасыл екпелердi қалпына келтiру жергiлiктi бюджет есебiнен жүргiзiледi.

2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитариялық кесу

      26. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) мынадай:
      1) бекiтiлген және келiсiлген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектiлерiн орналастыру үшiн жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
      2) инженерлiк абаттандыру объектiлерiне, жерүстi коммуникацияларына қызмет көрсету;
      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның iшiнде инженерлiк абаттандыру объектiлерiнде жою;
      4) жасыл екпелердiң сапалық және түрлiк құрамын жақсарту қажеттiгi;
      5) адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiне қатер тұғызатын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне залал келтiретiн ескi екпелердi санитариялық кесу жағдайларда жүзеге асырылады.
      27. Жалпыға ортақ жерлердегi ағаштарды санитариялық кесудi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша осы жер учаскесiне қызмет көрсететiн ұйымдар жүргiзедi.
      Ағаштардың өздерi, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмiрi мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның iшiнде жол жүру белгiлерiн жауып тұрса) қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн төтенше немесе апатты жағдайлардың туындауы мүмкiн жағдайларда ағаштарды санитариялық кесу уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жүргiзiледi.
      28. Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлi кесу фактiсi төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметiнiң куәландыру актiсiмен айғақталады, кейiннен ол туралы уәкiлеттi органға хабарланады.
      29. Қураған, солып қалған және ауырған ағаштар мен бұтақтарды есепке алу және түгендеудi, олардың орналасқан жерiне қарамастан жеке және заңды тұлағалар, пайдаланушылар, көгалдандырылған аумақтардың иелерi мен оларды жалға алушылардың өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      30. Жалпыға ортақ жерлердегi және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге iргелес аумақтардағы желдiң және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлiк оқиғаларының нәтижесiнде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлердi уақтылы санитариялық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететiн учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.
      31. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) кесiлген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдiк отырғызу туралы кепiлхат ұсынылған жағдайда, Рұқсаттар туралы заңға сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

3-параграф. Ағаштарды өтемдiк отырғызуды жүргiзу тәртiбi

      32. Ағаштарды қалпына келтiру арнайы учаскелерде өтемдiк ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерiн құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргiзiледi.
      33. Өтемдiк отырғызу ағашты кесуге мүдделi болған жеке және заңды тұлғалар есебiнен жүргiзiледi.
      34. Ағаштарды кесу және санитариялық кесу кезiнде ағаштарды өтемдiк отырғызу ағаш көшеттерiн отырғызу жолымен жүргiзiледi.
      35. Уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезiнде қалпына келтiрiлетiн ағаштарды өтемдiк отырғызу бес есе көлемде жүргiзiледi.
      36. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдiк отырғызу жүргiзiлмейдi.
      Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкелiп соққан жағдайда, бес есе көлемдегi өтемақы белгiленедi.
      37. Ағаштарды өтемдiк отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң жеке меншiк жерлерiнде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерiнше, ал ағаштарды мәжбүрлi түрде кесу кезiнде көгалдандыруды, жасыл екпелердi күтiп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.
      38. Отырғызылған ағаш көшеттерi солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделi болған тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелердi қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екi жылдың iшiнде (ағаш көшетiнiң ұласып өсу кезеңi) олардың одан әрi күтiп бапталуын қамтамасыз етедi.
      39. Тарихи немесе бiрегей эстетикалық құндылығы бар, Қызыл кiтапқа енгiзiлген ағаш және бұталы өсiмдiктердiң түрлерiн кесуге тыйым салынады.
      40. Жеке және заңды тұлғаларға осы Қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.

 

Алматы қаласының
жасыл екпелердi күтiп-
ұстаудың және қорғаудың
қағидаларына қосымша


___ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тiзiлiмi

Жасыл екпелер объектiлерiнiң (учаскелерiнiң) алаңын жердiң санатына, өсiмдiктiң типтерiне, функционалдық мақсатына қарай бөлу

      Қала/елдi мекен
      Әкiмшiлiк аудан: (код)___________________
      Жауапты иесi:__________________________
      Жасыл екпелердiң тiзiлiмi

 

Кесте


р/с № түгендеу / жасыл екпе паспортының №

Жердiң функционалдық мақсаты (екпелер санаты)

Ағаш өсiмдiгi

Бiрлi-жарым ағаштар, дана

Топтар, куртиналар, дана

Тоғайлар, алқаптар, дана

Жол бойындағы екпелер, дана

Жиыны, дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұталы өсiмдiктерi

Бiрлi-жарым, дана

Жасыл қоршам қума метр (қ. м.)

Қатарлап отырғызу, дана

Топтық отырғызу, дана

Барлығы қ.м./ дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық кеңiстiктер

Гүлзарлар

Көкжелектер

Жазғы м2

Көпж ылды қ, м2

Конт ейнер лiк, дана

Вазон, м2

Альпи нарий, рокарий, м2

Жиыны м2 / дана

Партерлiк, м2

Кәдi мгi, м2

Жер қырты сының жамыл ғысы, м2

Жиы-ны м2 / дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы мәслихатының
2018 жылғы 14 қыркүйектегi
№ 260 шешiмiне 2 қосымша


Алматы қаласы мәслихатының күшi жойылды деп танылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 119 "Алматы қаласындағы жасыл желектердi күту және қорғау ережелерiн бекiту туралы" шешiмi (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 781 болып тiркелген, 2008 жылғы 21 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланған);
      2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХIХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 119 "Алматы қаласындағы жасыл желектердi күту және қорғау ережелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 220 шешiмi (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 819 болып тiркелген, 2009 жылғы 8 тамызда "Вечерний Алматы" және 2009 жылғы 22 тамызда "Алматы ақшамы" газетiнде жарияланған);
      3. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVII сессиясының 2010 жылғы 12 сәуiрдегi "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 119 "Алматы қаласындағы жасыл желектердi күту және қорғау ережелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 316 шешiмi (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 848 болып тiркелген).