2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
ТКШ ТКШ



«Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы


Аудандағы көп пәтерлі тұрғын үй қорында 1168 үй бар. Оның ішінде 2013 жылға дейін салынған ескі үйлер 524. Біз ескі тұрғын үйлерді бұзудың түйткілді мәселесін шешу үшін ауыртпалық түсіретін, каркас-қамыс үйлер көп салынған орындарды және үйлерді бұзбай-ақ жаңа үйлер салынатын орындарды көрсете отырып, оларды 4 учаскеге бөліп, карта-сызбасын әзірледік.

2013-2014 жылдардағы кезеңде «Ескі тұрғын үй»  бағдарламасы бойынша  16 үй бұзылды. Қазіргі уақытта ескі үйлердің саны-508.

№ 1 учаске – «Алтай-2» шағынауданындағы  57 үй (456 пәтер) бар, инвестор «Девелиз Групп» ЖШС.

№ 2 учаске - Чернышевский - Ақан сері – Спартак - Сейфуллин көшелерінің шаршысында 24 үй (260 пәтер) бар, инвестор «КҚК» ЖШС.

№ 3 учаске – Айбасов - Ақан сері -Успенский-Молдағалиев көшелерінің шаршысында 161 үй (1531 пәтер) бар, инвестор жоқ.

№ 4 учаске – Сейфуллин - Успенский - Молдағұлова көшелерінің, Баум бағының шаршысында 30 үй (387 пәтер) бар, инвестор жоқ.

236 жеке тұрған үй (2599 пәтер) бар, инвестор жоқ.

№ 1 учаске «Девелиз Групп» ЖШС

2015 жылғы 19 қыркұйекте Алматы қаласының Қала құрылысы Кеңесінде мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде ескі тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасына «Девелиз Групп» ЖШС-нің «Алтай-2» шағынауданында қатысуы мақұлданды.

Захаров – Наманганская – Домбровский - Собинов көшелерінің шаршысында учаскесінің жалпы алаңы 14,57 га 57 үй  (456 пәтер), алаңы 21 119,9 м2) орналасқан, оның ішіндегі 47 үй каркас-қамыстан салынған (376 пәтер, жалпы алаңы 17 816 м2) және 10 кірпіштен салынған үй (80 пәтер, алаңы 3303,9 м2) бар. Үйлерді бұзбай-ақ бірінші кезекте салынатын 3 құрылыс нысаны көрсетілген. Осы шаршыда 1 мектеп - № 78 мектеп (640 орынды), 3 балабақша: № 119 балабақша (120 орынды), №123 балабақша (120 орынды), №180 балабақша (120 орынды) бар, барлығы 360 орынға арналған.

Құрылыс жүргізуші жалпы алаңы 107 895 м2 болатын, 2576 пәтерлі 47 көпқабатты үйді салуды жоспарлап отыр. Осы жобаны іске асыру барысында 800-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жобаны іске асырудың мерзімі 5-6 жыл.

Құрылыс жүргізуші жобаны іске асыру кезінде келесі жұмыстарды істейді:

1.    № 178 мектепке 600 орынды жапсаржай салу.

2.    320 орынды балабақша салу.

3.    Алаңы 2000 м2 болатын дене шынықтыру - сауықтыру кешенін салу.

4.    2360 орынды 5 қабатты  паркинг салу.

5.    6 спорт алаңын және 6 балалардың ойын алаңын салу.

6.    Өзінің ақша қаражаттарының есебінен алаң ішіндегі инженерлік желілер ауыстырылады.

                                                     № 2 учаске. «КҚК» ЖШС

2019-2020 жылдары Сауранбаев –Спартак – Чернышевский - Ақынов көшелерінің шаршысындағы жалпы алаңы 6037, 7 м2 болатын 201 пәтерлі 16 ескі, 2 қабатты тұрғын үйлерді бұзу жоспарланып отыр.

Осы учаскеде жалпы алаңы 40357,04 м 2, 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үй салынады.

Жобаны іске асыру басталды, мердігер ұйым: «Глобал Констракшн KZ» ЖШС. Молдағалиев –Толстой – Чернышевский - Сауранбаев көшелерінің шаршысындағы 3 шағын отбасына  арналған тұрғын үйдің (62 пәтер, алаңы 2940 м2) құрылысы.

                                                     № 3 учаске. Инвестор жоқ

 Айбасов – Ақан сері – Успенский – Молдағалиев көшелерінің шаршысында 161 каркас-қамыстан салынған үй (1531 пәтер) орналасқан. Осы шаршыда 1 №74 мектеп (660 орынды) және №31 балабақша (120 орынды) бар.

№ 4 учаске. Инвестор жоқ

Сейфуллин, Успенский, Молдағұлова көшелерінің, Баум бағының шаршысында жалпы алаңы 13,28 га учаскеде 30 ескі үй (387 пәтер) орналасқан және ондағы үйлерді бұзбай-ақ салынатын 20 құрылыс нысаны көрсетілген. Осы шаршыда 1 №107 мектеп (460 орынды), 3 балабақша:        №118 балабақша (140 орынды), №122 балабақша (95 орынды), №145 балабақша (80 орынды) бар, барлығы 315 орын.