A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Театрдың ғажайып әлемі» ІІ қалалық балалар театры өнерінің фестиваль – байқауы

Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауындағы «2019 жыл – Жастар жылы» аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің жоспарларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша«№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруыменАлматы қаласы мектептері және қосымша білім беру мекемелері арасында «Театрдың ғажайып әлемі» ІІ – ші қалалық фестиваль – байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың мақсаты: өнерлі жастардың театр шығармашылығы арқылы көркемдік көзқарастарын қалыптастыру, сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен дарынды орындаушылар мен кәсіпқой педагогтар, балалар мен жастардың театр ұжымдарын анықтау.

«Театрдың ғажайып әлемі» ІІ – ші қалалық фестиваль – байқауына 19 театр ұжымы, 240-тан аса оқушы және 19 жетекші қатысты. Театр - тек көрермендерге жеткен сиқырлы қиял әлемі ғана емес, сонымен қатар маңызды жұмыс, ал кейбір жағдайларда жақсы мектеп екені анық.

Бұл байқау қала балаларының басын қосып қана қойған жоқ, сонымен қатар шығармашыл ұжымдардың идеясын бір арнаға тоғыстырып, ұмытылмастай әсерлі де әдемі көңіл-күй сыйлады.

Іс – шараны төмендегі жоғарғы білікті әділқазы алқалары бағалады: Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультеті, «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының доценті - Масалимова Минура Ахмажановна, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультеті, «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының аға оқытушысы, өнер магистрі - Мамыткалиев Куаныш Сабыркожаевич, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Академиялық сурет және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаманқараев Серғазы Құсайынұлы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Аденова Ляззат Жолдасбайқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» директоры - Даулбаева Айнұр Мұратқызы.

Ғабит Мүсірепов атамыз айтып кеткендей – «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер». Театр - тек көрермендерге жеткен сиқырлы қиял әлемі ғана емес, сонымен қатар – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы.

Байқау-фестиваль: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары), «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры», Жас театр суретшілері. Екі күнге созылған фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша: Түрксіб ауданы № 84 ЖББМ «Толағай» театр ұжымы Т.Ахтановтың пьесасы желісінде қойылған «Ант» спектаклімен Бас жүлдені иеленді. М.Жұмабаев атындағы № 137 ЖББМ «Жас өркен» театр ұжымы «Үздік драмалық спектакль» номинациясын, № 104 ЖББМ «ЖасStar»театр ұжымы «Үздік әдеби-музыкалық композиция» номинациясын, № 1 Оқушылар үйі «Жас өнер-Жалын» театр ұжымы «Үздік бірегей жанр» номинациясын, № 109 ЖББМ «Аманат» театр ұжымы «Көрермен көзайымы» номинациясын, № 180 ЖББМ «Art bala» театр ұжымы «Үздік хореография» номинациясын, № 198 ЖББМ «Жас қанат» және № 15 МГ «Camelot» театр ұжымдары «Үздік сахналық костюм» номинациясын, «Үздік әйел адамның рөлі» номинациясын № 15 мектеп-гимназиясынан Савенко Алиса және № 23 мектеп-гимназиясынан Есова Томирис, «Үздік ер адамның рөлі» номинациясын № 152 мектеп-гимазиясынан Дүйсенұлы Ернат және № 2 Оқушылар үйі Батырхан Камза, «Үздік көркемсөз орындаушы» № 180 ЖББ мектептен Абсатар Аружан және № 199 мамандандырылған гимназиясынан Серибеков Райымжан, «Үздік актерлік шеберлігіүшін» № 137 ЖББ мектептен Абдіхалықова Балжан және № 84 ЖББ мектептен Тұрдығазы Ұлан, «Үздік режиссура» № 104 ЖББ мектептен Әбдісадық Гүлдана және № 84 ЖББ мектептен Рысбек Мұрат, «Үздік театр суретшісі» № 198 ЖББ мектептен Қалдыбаева Алтынай, Қанат Анар, № 137 ЖББ мектептен Аюбекова Инабат иеленді. Барлық қатысушылар Алматы қаласы Білім басқармасының марапаттау қағазымен және арнайы кәдесыймен марапатталды.

Байқауымыздың Бас жүлде иегері 25-26 наурыз күні Атырау қаласында өтетін Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауына жолдама алды.

Киелі өнердің баспалдағы болған бұл фестиваль оқушылардың болашақта театр сахнасының кәсіби мамандары болуына септігін тигізеді деген зор сенімдеміз.



13.03.2019