A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырдың құрметіне

Түрксіб ауданының №198 мектептің залында  Елбасының «Болашаққа бағдар», «Рухани жаңғыру» жобасын орындау мақсатында Кеңес Одағының Батыры, Ұлы отан соғысының қатысушысы Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлының атындағы көшенің мерекесі өткізілді. Бұл мерекелік шараның мақсаты ардагердің еңбектері мен ерліктерін жас ұрпаққа түсіндіру және насихаттау болатын. 

 Мерекелік шарада Баймағамбетов Сұлтанның өмірбаяны және Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері жайлы естеліктерді оқушылар әдеби-музыкалық композицияда орындады. Сонымен қатар мектеп оқушылары соғыс жылдарындағы шыққан әндерді және Ұлы Отан Соғысының Жеңісі туралы өлеңдерді нақышына келтіріп орындады. 

 Мерекелік шараға келген «Жас Қанат» ықшам ауданының тұрғындары, тыл еңбеккерлері Андосова Бибігүл апа, Маралбаева Айғымтай өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін іс-шараны өткізгені үшін барлық ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

 Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Байғұтдинова Ғалия Асқарқызы аудан әкімі П.С. Кулагин және қалалық Ардагерлер кеңесінің атынан сөз сөйлеп, көше мерекесімен құттықтады. Сөз соңында Ғ.Байғұтдинова №198 мектептің озат оқушыларына естелік сыйлықтарын тапсырды. 

    

      


16.10.2017