A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақ ниетпен сіздер үшін!

Бүгін 2 қазан күн «Қарттар айлығы» қайырымдылық айыаясында ауданда орналасқан №6 Оқушылар үйінде мерекенің ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімі мерекелік шараға келген қонақтарды құттықтап, оларға денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеп, еліміздің игілігі үшін атқарған адал еңбектеріне алғысын айтты.

Одан кейін шақырылған қонақтар №6 және басқа да көркемөнерпаздар үйірмесінің дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Бұл шараға ауданнан 350 қарт адамдар шақырылған.

1-қазан Халықаралық қарттар күні. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын дәстүрлі түрде қазанның 1-інде аталып өтілуде. ҚР Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері,оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.

Қазіргі уақытта ауданда 25 524  зейнеткер тұрады, олардың ішінде 89 ҰОС қатысушылары,оның ішінде ҰОС мүгедегі 14,  тыл еңбеккерлері – 2971, Ленинград қамалының бұрынғы  тұрғындары -7, концлагердің кәмелетке толмаған тұтқындары-6, 90 жас жасағандар-433, ғасыр құрдастары-8. (жүз жасағандар).

Ауданның барлық еңбек ұжымдары қауымдастығы мен ауданның және қаланың дамуына зор үлес қосқан қарт адамдарға, еңбек және соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге ерекше құрметтерін көрсетіп, шексіз алғыстарын білдіреді.

Осы мерекенің аясында жасалатын мерекелік іс-шаралардың жоспары ауқымды. Бір ай бойы қарттар мен мүгедектерге арналып мәдениорындарда түрлі шаралар ұйымдастырылса, кинотеатрларда тегін ретро-фильмдері көрсетіледі.Сондай-ақ, емханаларда тегін қаралу үшін "Ашық есік күндері" деп аталатын акция өткізілмекші.

02.10.2015