
Аудандағы №6 Оқушылар үйініңмәжіліс залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиналған барша әйелдер қауымын аудандағы барлық ерлер атынан аудан әкімі В.Устюгов көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық,отбастарына амандық, еңбектерінің жемісті болуын тіледі.
Бұдан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар әйелдер қауымына аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді. Атап айтатын болсақ «АлТС» ЖШС СШЭС телепункттың операторы А.Ж.Аманжолова, «АЖК» АҚ РЭС-4 электромонтеры Е.В.Ишимова, аудандық «Водоканал» пайдалану учаскесінің сұраным қабылдаушы Н.П.Брыскина, «Тартып» АҚ учаскенінің шебері Т.М.Қалмырзаева, «РСП Эталон» ЖШС бригадиры З.М.Тілегенова, «Алматы тазалық» МКК жол жұмысшысы Ж.А.Давлетбаева және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 3-наурызындағы №997 Жарлығы бойынша аудан тұрғындары Қалиева Реган Мамедқызы, Сыздықова Бұрылсын, Шыныбекова Гүлжамал Шыныбекқызы «Күміс алқа» алқасымен арнайы марапатталды.
Мерекелік шараның соңы аяулы жандарға арнап ұйымдастырылған концертке ұласты.