A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік

Бүгін ауданда әлеуметтік және транспорттық-инфрақұрылымдарда мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жандарға мекеме ғимараттарына кіріп-шығуына,қызмет көрсетуге қаншалықты жағдай жасалғандығы туралы тексеру жүргізілді.

Мақсаты: Әлеуметтік және транспортты-инфроқұрылымдарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жүріп-тұруына жағдайлар жасалған ба ? қол жетімді ақпарат бар ма? Нормаларға сай келеді ме? Тексеру, қорытынды жасау.

 «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы ҚР 13 сәуір 2005жылғы №39  25 бабына. сәйкес 2012-2018жж арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған республиқалық іс-шараларды жоспарлы түрде орындау. Қалалық Кешенді ведомствоаралық жоспарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіби оңтайландыру мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі жандарға барьерсіз орта құру туралы Алматы қ. 2016 жылғы жоспарына  және «Методикалық ұсыныстар» - ға сәйкес 2012 жылдан Түрксіб ауданында мемлекеттік, білім, денсаулық, әлеуметтік, сауда, банк, почта, спорт саласындағы және халыққа қызмет көрсететін басқа да салалардағы 230 объектіге құжаттау жүргізілді.

Тексеру тобымен шыққанда бірқатар олқылықтар анықталды:

1.                АҚ «Алматы халықаралық әуежайы» 

Зағип жандарға қолжетімді ақпараттың жоқтығы, жағдай жасалмған: кірер есік алдында мнемосхема жоқ, пиктограмма мен тактикалық тақтайшалар (плитка) жоқтығы, ғимарат іші де сырты да мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті дүниемен  жабдықталмағаны анықталды.

2.                ЖШС «НАР фарм»

Ғимарат ішінде зағип жандарға арналған тактикалық тақта (плитка) мен пиктограмма жоқтығы және арбадағы мүгедектерге арналған кассаның жоқтығы.

Әуежайда арбадағы мүгедектерге барлық жағдай қарастырылған: кірер-шығар жолдарда пандус бар, кестеде жол көрсетілген, көмек қажет болған жағдайда қолжетімді жерде телефон қарастырылған,  арба еркін қозғалуына ыңғайлы лифт бар, арнайы арбадағы мүгедектерге ыңғайлы жабдықталған әжетхана бар.

«НАР фарм» дәріханасының ауласында арбадағы мүгедектерге жеке жол пандус бар, тактикалық тақта қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қызметкер бөлінген.  


08.06.2016