A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Отанға деген сүйіспеншілік отбасына және туған көшесіне деген сүйіспеншіліктен басталады
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Отанға деген сүйіспеншілік отбасына және туған көшесіне деген сүйіспеншіліктен басталады

2017 жылы 13-шілде күні Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының мәжіліс залында Мемлекеттік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының аясында   «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы ардагерлік қозғалыс, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының партиялық рөлі туралы» дөңгелек үстел өткізілді.  Жиынға Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төраға орынбасары Н.Е.Әжібаев, аудан әкімінің кеңесшісі-жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің үйлестірушісі С.Б.Әбділдина, ардагерлік ұйымның қоғамдық белсенділері, аудан тұрғындары қатысты.

Баяндамашылар Ғ.А.Байғұтдинова,С.Б.Әбділдина азаматтардың санасын қоғамдық тәрбиелеу, бірінші кезекте жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар партиялық ұйымдардың, ардагерлер ұйымының, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің, білім бөлімінің, ұлттық-мәдени бірлестіктерінің, колледждердің, әскери бөлімшелерінің, аудандық қоғамдарының бірлескен қызметтері бойынша әрбір қазақстандықтардың атқаратын рөлін атап өтті.    

«Ең үздік аула» қалалық және аудандық байқаудың жеңімпаздары  батыр ана Ж.Е.Өркенова, А.Н.Голубинский, В.Ю.Деонищенко өз аулаларын,көшелерін безендіру және көгалдандыру, сондай-ақ өскелең жас ұрпақтарды өздерінің туған жерлеріне,аудан және қалаға деген сүйіспеншіліктерін арттырудағы еңбек тәжірибелерімен бөлісті.      

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Ең үздік аула», ең үздік көше, ең үздік ПИК, халықтар достығының фестивалі, Кеңес Одағының Қаһармандарының атындағы көшелер, мемлекеттік тарихи тұлғалар  мерекесі, ҰОС-ның қатысушылары және тыл еңбеккерлерімен кездесу, сонымен қатар қолөнер шеберлерінің шығармашалық көрмелерін ұйымдастыру сияқты аудандық дәстүрлі іс-шараларды кеңінен өткізіп тұруды ұсынды.


13.07.2017