
26.12.16 Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері Түрксіб аудандық әкімдікпен бірлесіп өткізген шара
Жаңа жыл қарсаңында Түрксіб ауданы бойынша ІІБ жергілікті полициясының ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері Түрксіб аудандық әкімдікпен бірлесіп Түрксіб ауданы бойынша ІІБ есебінде тұрған отбасылардың балаларына арнап Жаңа Жылдық мереке ұйымдастырды. Есепте тұрған балалар үшін бұндай шара өте маңызды.
2016 жылдың 26-27 желтоқсан аралығында участкелік полиция инспекторлары тұрғылықты жер бойынша 77 бала тәрбиеленіп отырған 53 тұрмысы аз қамтылған отбасыларын құттықтап қайтты.