
Бүгін №84 ЖББМ спорт залында ауданның мектеп оқушылары арасында аудан әкімінің кубогына баскетболдан турнир өткізілді.
Айналым жүйесі бойынша қызықты өткен турнир барысында өздерінің басқа командалардан ерекшелігін дәлелдеген №20 ЖББМ командасы 1-орынды, №32 ЖББМ командасы 2-орынды, №142 ЖББМ командасы 3-орынды иеленді. №84 ЖББМ белсене қатысқаны үшін марапатталды. «Ең үздік нәтижелі ойыншы»номинациясын - №20ЖББМ-тің оқушысы Дудкин Георгий, «Ең үздік қорғаушы» - №84ЖББМ-тің оқушысы Шаймурат Елдос, «Ең үздік жабуылшы»номинациясын- №142ЖББМ-тің оқушысы Керимбаев Карэнге берілді.
Барлық жеңімпаздар аудан әкімінің кубогына және грамотасына ие болды.