
Бүгін №198 мектептің спорт залында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы әкімінің кубогына мектеп оқушылары арасында баскетбол бойынша іріктеу ойынының салтанатты жабылу шарасы өткізілді. Аталған турнирге 260 баланы қамтитын 26 команда қатысты.
Екі күнге созылған іріктеу ойынында жеңімпаз
командалары анықталып, жүлдеге ие болды.
Қорытынды бойынша 1-орын №49 ЖББ мектеп, 2-орын №78 МГ, 3-орын №83 гимназиясына бұйырды.
«Ең үздік қорғаушы» номинациясы бойынша №83 гиманзиясының оқушысы М. Мало-оглы, «Ең үздік шабуылшы» №44 МГ оқушысы Н. Злавдунов, «Ең үздік ойыншы» номинациясы бойынша - №78 МГ оқушысы А. Паталахов марапатталды.
Спорттық ойынның жеңімпаздарына грамоталар, кубок және командалық киімдер мен доптар тапсырылды.