
Түрксіб ауданының әкімі П.С.Кулагин және Алматы қалалық Мәслихат депутаты А.А. Бекмұхамбетов №34 сайлау округі бойынша әкімнің азаматтарды жеке көшпелі қабылдауы өткізілді. Бұл іс-шара «Жас Қанат» ықшам ауданындағы № 198 мектептің ғимаратында өткізілді. Әкімнің жеке сұрақтар бойынша қабылдауына Жас Қанат, Қайрат, Колхозшы, Маяк және Авиатор бау-бақшалық бірлестік кенттерінен 30-ға жуық тұрғындар қатысты. Тұрғындарды жоғарыда аталған ықшам аудандардың инфрақұрылымдарын дамытудағы мәселелер, жекелеп айтқанда су жабдығының, кәріз жүйесі,жол және тротуарларды жөндеумен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктерді дамыту, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің құрылысы туралы айтылды. Кездесу барысында көптеген сұрақтарға ауызша түсініктемелер беріліп және әкім аппаратының жауапты қызметкерлеріне мәселелерді шешу үшін тапсырмалар берілді.