A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттің негізін салушы тұңғыш президенттің күні!

Міне алтыншы жыл қазақстандықтар үшін желтоқсан айы тағы бір мерекеге толықты. Қыстың алғашқы күні осындай қүндердің біріне айналды. 2011 жылдың 14 желтоқсанында мемлекет басшысы жаңа мемлекеттік мерекенің - бекітілуін көздейтін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

 1991 жылдың 1 желтоқсанда Тұңғыш Президенті сайланып, Қазақстан Республикасының президенттік институттары пайда болып, ол біздің мемлекетіміздің дамуының бірден-бір негізі болды. Мемлекеттің негізін салушы тұңғыш президенттің орасан зор үлесін ескере отырып, депутаттардың бір тобы сенат мәжілісіне Конституцияның 1-бабына және «Қазақстан парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға» орай 1 желтоқсанды мемлекеттік мейрам деп жариялауды ұсынамыз. Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. 

Ол кандидаттар арасында 98,7 % жинап сайлаушылардың дауыс беруінің 88,2% жеңіске жеткен болатын. 1991 жылғы желтоқсанның алғашқы күндері Казақстан үшін шынымен тағдырлы және өзгерісті күндерге толы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп тағайындады. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 

 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды. Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады. 

 Алматы қаласы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы      

 Сыдықова Ляззат Куанткановна.

21.11.2017