
Бізге тұрғындардан ауланы жөндеу немесе балалар алаңын орнату бойынша көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осыған байланысты Түрксіб ауданы әкімдігі мемлекеттің қаржысы есебінен жөндеу үшін аулаларды таңдау бойынша шара жүргізуде.
Түрксіб ауданында 458 аула орналасқан. Біздің ауданда 2012 жылы 11 үйдің ауласы жөнделді, 2016 жылы -35, 2017 жылы -80, 2018 жылы -130 және 2019 жылы тағы да 100 ауланы жөндеу жоспарлануда.
Тізім жасамас бұрын мамандар аулаларды тексеріп және шағын сәулет формасын, жол және бордюрлерді жасауды талап ететін мекен-жайларды анықтап, содан кейін тізімге қосады.
Сонымен қатар аула тізімге қосылғаннан кейін әкімдіктің қызметкерлері мекен-жайы көрсетілген аумақта жылу желісі немесе ескі үйлерді бұзу жоспарланбағанын білу үшін құзіретті Басқармаларға жібереді. Әкімдік белгіленген ауланы жөндеуге мемлекет тарапынан бөлген қаржыны ғана жұмсайтынын ескеру керек.
Сондықтан біз бір жыл ішінде 458 ауланың барлығын қамти алмаймыз.Себебі ауданда 2017-2018 жылдар аралығында пайдалануға берілген жаңа үйлерде аула аумақтары бар. Тұрғындардан осы жәйттарға түсіністікпен қарап және аула аумақтарын жөндеу бойынша өз кезектерін күтуді сұраймыз. Сондай-ақ ПИК тұрғындардың қосымша жинаған қаржысымен балалар алаңын немесе барлық ауланы жөндеуге құқылары бар екендігін хабарлаймыз.