A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаржылық сауатсыздықты жою

Түрксіб ауданында «Dostupnove pravo» ұйымының бастамасымен азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеру мәселесі бойынша семинар өткізілді. Аталған семинарға Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің және ардагерлер кеңесінен аудандық қоғамдық белсенділер қатысты.

Семинарға қатысушыларға мекеме төрағасы Қаби Рүстем, Алматы қалалық филиалының директоры аумақтық өкілі Ысқақова Гүлназ және медиатор Тимошенко Валентина тақырып төңерегінде баяндама жасады.

Олар өз баяндамаларында банк саласында және қаржы саласындағы тегін қызмет түрлерін ұсыну бойынша компанияның мүмкіндіктеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ ел тұрғындарының білмегендігін пайдаланып банктер несие бойынша пайыздар мен шотты жүргізгені үшін шығындарды, сондай-ақ басқа да комиссияларды қосқаны туралы түсіндіріп берді.

«Dostupnove pravo» ұйымының негізгі мақсаты банк және қаржылық құқық саласындағы азаматтарды әлеуметтік қолдау және қорғауды қамтамасыз ету.

Осыған байланысты тұрғындардың қаржы мәселесіндегі қызығушылықтары екі жақты келісімге келіп, Рихарда Зорге көшесі,11 мекен-жайындағы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аптасына бір рет сәрсенбі күнінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жеке кеңес алу туралы шешім қабылданды.

.   

 

21.11.2018