2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Құрметті алматылықтар! Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Себебі де белгілі. ДДҰ коронавирус індетін ресми түрде ғаламдық пандемия деп жариялады. Бұл инфекция біздің елді де айналып өтпеді. Індет тараған елдерден келген 6 отандасымыз қаладағы алғашқы инфекция жұқтырушылар ретінде тіркелді. Науқас азаматтар оқшауландырылды. Барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шаралары қабылдануда.

Мемлекет басшысының азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі тапсырмалары орындалады. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды. Қолға алынуы тиіс жаңа іс-шаралардың жоспары әзірленуде. Қала әкімдігі шаһардағы жағдай туралы үнемі хабарлап отырады. Тек ресми ақпаратқа сенім артуларыңызды сұраймыз. Жалған ақпарттардың таралуына жол бермейміз.

Құрметті алматылықтар! Қатаң тәртіп пен ортақ іске жұмыла білу — біздің вирусқа төтеп берудегі басты қаруымыз болуы тиіс.


15.03.2020