A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Үздік Тәлімгер - 2018» байқауы өтті

      

Алматы қаласы  Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында  «Жас Ұлан» Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілеріне арналған  «Үздік Тәлімгер - 2018»  атты ІІ аудандық байқау өткізілді. 

 «Жас Ұлан» Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушыларына жаңа бағыт беріп, биік мәдениетке тәрбиелеу үздік тәлімгерлердің үздіксіз ізденуінің нәтижесі екендігін насихаттау,тәлімгерлердің кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгер мамандығының беделін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау , оларды мадақтау және қоғамда тәлімгер мамандығы туралы оң көзкарас қалыптастыру мақсатындағы байқауға  Алматы қаласы Түрксіб ауданының жалпы білім беретін мектептерінің тәлімгерлері қатысты.

Байқау 3 кезеңнен өткізілді:1. «Біргеміз, берік іргеміз» балалар ұйымының креативті таныстыруы. Бұл айналымда үміткер – тәлімгер өзін қызықты етіп , шығармашылық шеберліктерін таныта отырып таныстыру . 2. «Мен – өз ісімнің шеберімін» яғни,  «Жеті бағыт»  бойынша жұмыстарын көрсету.Бұл бөлімде қатысушы өз жұмысын, яғни, тәлімгерлік қызметті таныстыру. 3. «Мен – болашақ ұрпақ тәлімгерімін»яғни,«Үй тапсырмасы» музыкалықшығармашылық өнер көрсету. Тәлімгерлердің бұл  байқауға үлкен дайындықпен келгендігі байқалды.

   Байқау қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті: Бас жүлдені  ЖББ №195 мектептің тәлімгері Бажикова Айгүл, І орынды  №44 мектеп – гимназиясынан Абдрахманова Бибигуль, ІІ орынды ЖББ №20 мектептен Сәрсенбай Әсел, ІІІ орынды ЖББ №49 мектептен Амиргожаева Ақбота, №32 мектептен Биназарова Айгүл, №31 мектептен Акбержанова Айдана  иеленді.

  

                                           

 

Саржезденова Сымбат  Иембердиевна

Алматы қаласы Білім басқармасының

«№7 Оқушылар үйі» МКҚК

     әдістемелік бөлім меңгерушісі.                           

                                                                                                                     

07.12.2017