
Бүгін аудан тұрғындары орыс ұлтының дәстүрлі «Масленица» мерекесін атап өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен болған мерекеге келген қонақтар №6 Оқушылар үйінің көркемөнерпаздар үйірмесінің дайындаған концертін және әртүрлі ойындарын тамашалады. Сонымен қатар қонақтар тегін құймақтардан дәм татып, бала-бақша ұжымдары мен Ардагерлер кеңесінің және тағы басқа да ұйымдардың құймақтардан жасалған көрмелеріне баға берді.
Құймақ жасау көрмесінде ерекше қиялдың ұшқырлығымен көзге түскен,әсемдікті ұштастыра білген бала-бақшалар анықталып, жүлделі орындар берілді.
1-орынды 173 бала-бақша, 2-орынды №123 бала-бақша,3 орынды 149 бала-бақша иеленді. 4-орынды белсенді қатысқаны үшін 122 бала-бақшаға берді.
Оларға аудандық Ардагерлер кеңесінің грамотасы мен естелік сыйлықтары тапсырылды.