
Әуежай мәдениет үйінде жаңа жылдық мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, бұрынғы авиаторлар шақырылған. Концерттік бағдарламада «Россиянка» хоры, «Кардинал» би тобы және поэзиялық музыкалық нөмірлер ұсынылды.
Мерекелік шараға келген қонақтарды аудан әкімінің атынан әкімнің көмекшісі С.Әбділдина,Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ғ.Байғұтдинова, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ басшысы А.Бекмұхамбетов, қызмет көрсету мекемесінің басшысы Н.Кремениш құттықтап,оларға зор денсаулық,отбасыларына амандық тіледі.
Ардагер-авиаторлаға ақшалай сыйақы берілді.