
95 жасқа толған ардагерді құттықтады
Бүгін аудан тұрғыны 95 жасқа толған соғыс ардагері Есеналиев Сарсенді туған күнімен аудан әкімінің орынбасары Тәжібаев Мұхтар Ілиясұлы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Ғ.Байғұтдинова, Алматы-1 вокзалының басшысы Н.Бекжанов, әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қ.Толысбаева құттықтады.
Есеналиев Сарсен 1921 жылы Астрахан облысы, «ВЛКСМ» колхозында дүниеге келген. 12 жыл колхозда еңбек еткен. 1940 жылы әскерге шақырылып, Байкал өңірі Чита қаласында әскери борышын өтеген.
Ұлы отан соғысының ардагері. Соғыс жылдарында 579 атқыштар полкының құрамында болып Жапондармен соғысқан. ҰОС 1-ші және 2-ші дәрежелі ордендерімен марапатталған. 1946 жылы Алматы электртехникалық зауытында газэлектрлік дәнекерші болып жұмыс істеген.
Есеналиевтер династиясының электртехникалық зауытындағы еңбек өтілімі 200 жыл.
Зауыттағы адал еңбегі үшін Құрмет Грамоталары, Еңбек қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ Социалистік Республикасының Алтын кітабына енгізілді. Бұл адагердің 8 баласы дүниеге келген. 8 баладан 14 немере, 15 шөбере көрген.