A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Масленица» халықтық мерекесі дүбірлі думанға ұласты

         25 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасының

«№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Пятилетка аймағында «Масленица-2017» мерекесі өтті. Қысты шығарып салу дәстүріне арналған бұл мереке оқушылар үйі бойынша жыл сайын тұрақты  өткізіліп келеді.  Мерекеге бұл жолы да халық өте көп жиналды. Айтулы мерекені педагог – хореограф С. Нұрбатырова  жүргізді. Мерекелік  концерт барысында «Ақерке» халықтық би ансамблі өнерпаздарының әуелеген  әуезді әндері мен мың бұралған  билері көрермен көңілін асқақтатты. «Как старик корову продавал?» атты орыс халқының ұлттық ертегісін жоғарғы дәрежеде сахналап, көрермен көзайымына айналды.Сонымен қатар қызықты ұлттық және  спорттық ойындар ұйымдастырылды.  Бар ынта-жігерлерін салып, жеңіске ұмтылған ойыншылар мереке  көркін қыздыра түсті. Жиналған көпшілікке ыстық шай, тәтті толы  мол дастарқан, әрине ұлттық мерекенің басты мәзірі саналатын құймақтар ұсынылды. Шуақты көктем күндерін аңсаған көпшілік қауым іс-шара соңында дәстүрге сай сабан қуыршақтарын өртеп,қыспен қоштасу салтанатын дүбірлі думанға айналдырды.

 Саржезденова  Сымбат Иембердіқызы.

 Алматы қаласы Білім басқармасы

 «№7 Оқушылар үйі» МКҚК

  әдістемелік бөлім меңгерушісі


28.02.2017