A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Физикалық белсенділік» тақырыбында акция өткізді

Түрксіб ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Абылайхан» ЖШС кәсіпқой спорт клубында» «Физикалық белсенділік» тақырыбында акция өткізді. Акцияның мақсаты салауатты өмір салтын сақтау.
 Акция барысында әртүрлі спорттық ойындар жүргізілді. Акцияға қатысушылар арасында салауатты өмір салтына физикалық белсенділіктің қаншалықты пайдалы екендігі жайында ашық ақпарат көздері таратылды. Спорт клубына келушілер арасында «спорт денсаулық кепілі» - атты тақырыпта сауалнама жүргізілді. Жаяу жүру, велосипед тебу немесе би, күнделікті физикалық белсенділіктің орташа қарқынын бір қалыпты сақтау, адамның көңіл күйін жақсартып қана қоймай денсаулығына тікелей пайдасын тигізеді.

 Жүрек қан тамырларының ауруын, қан ауруымен кейбір қатерлі ісік ауруларын, артық салмақпен күресуге, жүйке жүйесінің жақсаруына көмектеседі. Кез – келген жаста физикалық белсенділіктің артықшылығы басым болады, себебі физикалық белсенділік оттегіге қажеттілікті арттырады, адам организміне оттегіні жеткізу жүйесі дайындалады.
Аптасына 3-5 рет физикалық белсенділікпен айналысу оңтайлы болып саналады. Жүрек қан тамырларының жұмысын жақсарту үшін жаттығудың уақыт аралығы 20дан 60 минутқа дейін болғаны дұрыс.
Келесі үш сатыны қосқанда:
1. денені қыздыру 5-10 минут 2. жүктеме 10-40 минут 3. босаңсу 5-10 минут ДДҰ бойынша 10 физикалық белсенділік факторлары бар:
 - Физикалық белсенділік ауру қаупін төмендетеді;
 - Күнделікті физикалық белсенділік денсаулықты сақтауға көмектеседі;
 - Физикалық белсенділікті спорт ретінде қабылдамаңыз;
 - 5-17 жастағы адамдарға күніне 60минут;
 - Қалыпты түрдегі физикалық белсенділік, және де жоғары қарқындылықтың денсаулыққа пайдасы зор; - 18-67 жастағыларға аптасына 150 минут;
 - 65 жас және одан жоғары жастағы үлкендерге аптасына 3 күннен артық емес;
 - Физикалық белсенділік барлық дені сау адамдарға қажет;
 - Физикалық белсенділікті мүлдем қолданбағаннан гөрі, орташа қарқындылығын қолданған жөн.
 - Қоршаған орта мен қоғамдағы жағдай да әсер етуі мүмкін. Спорт клубына келушілер арасында «спорт денсаулық кепілі» - атты тақырыпта сауалнама жүргізілді. 

              


19.10.2017