
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Түріксіб ауданының әкімдігі бірлесе отырып аудандағы «Түріксіб» сауда-жәрмеңке кешенінде «Қауіпсіз тағамды таңда» акциясы ұйымдастырылды. Халықтың арасында дұрыс тамақануды қалыптастыру мақсатында тағам өнімдерін экспресс сараптау шарасы жүргізілді.
Тексеру барысында 30 тағам сынамалары ( көк-өніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері және де тағы басқа) тексерілді, тексеру кезінде теріс нәтиже болмады. 87 сатып алушылардың арасында тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты анкета таратылды.