
Сейсможаттығу дабылы барысында басшылық құрамның дайындық деңгейін көтеру мәселесі қарастырылды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның және қалалық азаматтық қорғаныс қызметінің күшімен жер сілкінген кезде халыққа іс жүзінде қалай әрекет ету керектігі үйретіліп, жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету ережелері таныстырылды. Бұл жаттығудың мақсаты - жедел хабар беру арқылы қала тұрғындары мен қала қонақтарын апат бола қалған жағдайда сабырлылық танытуға үйрету. Сонымен қатар зілзала кезінде ең алдымен жасалатын іс-әрекеттерді пысықтау.
Хабарламалар электро-дабылдар мен үш бағдарламалық хабар тарататын радиотрансляциялық торап арқылы жеткізілді.