
«Жас Қанат», «КЭЧ» және «СВК» қазандықтарындағы су жылытқыш жабдықтарының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерде және басқа да ғимараттарда уақытша ыстық су беру тоқтатылады. ⠀
Ыстық суды тоқтату уақыты:
• 10 маусымнан 24 маусымға дейін Жас Қанат және Жұлдыз-1 ықшам аудандарында;
• 13 маусымнан 4 шілдеге дейін Б.Хмельницкий – Дөнентаев – Сүйінбай даңғылы – Поддубный көшелерінде.
Алдағы жылу беру маусымындағы қалалық жылу кешенінің дайындығы аясында жүргізілетін қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары өндірістік және күзгі-қысқы уақытта тұтынушыларға жылуэнергиясын беру кезінде қауіпті азайту үшін жасалады.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.