A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақ хандығының 550 жылдығына» байланысты кездесу кеші өтті

Бүгін № 76 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында Түрксіб аудандық әкімдігі,«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі және № 26 қалалық кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» байланысты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға білім беру мекемесі «Аяжан» колледжі білім алушылары, № 1 педагогикалық колледж, Азаматтық авиация колледжі білім алушылары,Үкіметтік комиссия мүшесі, «Қазақ хандығының құрылу тарихы» монографиясының авторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА қор.мүшесі Берекет Бахытжанұлы Кәрібаев пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к., Ноянов Еділ Ноянұлы қатысты.

Кештің шымылдығын Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжінің директоры Күлдарихан Құржыққызы Құрымбаева:

«-2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы екені баршамызға аян болып отыр. Осы жылы біз, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие»,-деп қысқаша баяндамасымен ашты.

Одан дөңгелек үстелдің сөз алған, т.ғ.д., проф. ҰҒА кор.мүшесі Б.Б.Кәрібаев және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к., Ноянов Еділ Ноянұлы «Қазақ хандығының құрылу тарихына ғылыми тұрғыда қысқаша түсініктеме беріп, нақты деректермен мазмұнды, тағлымды етіп баяндап берді.

Дөңгелек үстелге келген қонақтардың баяндамаларынан кейін студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, пікір-алмасу болды. Шара аясында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әйгілі қазақ хандарының атқарған жұмыстары жайлы кітаптар ұсынылған. Кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

03.03.2015