
Түрксіб ауданында гүлдерді отырғызу және шөптерді ору бойынша маусымдық жұмыстар жүргізілуде. 8000 –нан астам гүлдерді отырғызу жоспарланған. Шөптерді ору жұмыстары «Алматы тазалык» МКК, «КМС Групп РК» ЖШС, «Алматы дом механизация» ЖШС күшімен жүргізіліп, қол триммер және көгал шапқыштары қолданылады, үлкен учаскелерде арнайы жабдығы бар трактор жұмыс істейді.
Бұл маусымдық жұмыстар жаз біткенше жалғасатын болады.