2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Түрксіб ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы


Түрксіб ауданы 1938 жылы құрылған. Ауданның аумағы 75,7 шаршы шақырымды құрайды, халқы 239 мыңнан астам адам.

Ауданда 24 678 жеке меншік, 1 168 көп қабатты тұрғын үйде 27 692 пәтер бар; 7 538 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 6 997 ШОБ (шағын орта бизнес өкілдері);10 базар, 28 жалпы білім беретін мектеп, (2 жеке меншік), 1 жоғары оқу орны, 95 мектепке дейінгі білім береу мекемесі (22 мемлекеттік), 7 емхана, 5 аурухана (оның ішінде перзентхана), 24 діни бірлестік, 1 театр, 5 кітапхана, 3 стадион бар.

2019 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша өндірістің көлемі 194,4 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 124,2 % (2018 жылы 156.5 млрд. теңге.).

Өнеркәсіптің НКИ– 105,2 %, қаланың НКИ - 104,5 %.

Еңбек өнімділігі 4,2 млн. теңге немесе 123,5 % 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3,4 млн. теңге).

Инвестиция салымының көлемі 68,1 млрд. теңге немесе 132,4% (2018 жылдың сәйкес кезеңімен 51,4 млрд. теңге).

Орташа айлық жалақы өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда 196 948 теңге немесе 110,8 % құрады (2018 жылы –177 674 теңге.).

2019 жылыдың 12 айының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналым көлемі 269,4 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 110,9 % (242,8 млрд. теңге).

Көтерме сауда айналым көлемі ағымдағы жылы 933,2 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 105,1 % құрайды (887,8 млрд. теңге).

2019 жылыдың 12 айының қортындысы бойынша 4 137 жаңа жұмыс орыны құрылды немесе жоспардан 125,4 % (3300). Олардың ішінде 392- өнеркәсіп, сауда – 887, көлік және байланыс – 614, білім беру – 344, денсаулық сақтау – 301, құрылыс – 717 және басқа да – 887.

Ауданда 2016 мен 2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы құны 36,9 млрд. теңгені құрайтын 95 жобамен, 619 жаңа жұмыс орны бар 81 кәсіпорын қатысады.

Салықтар және бюджет

2019 жылдағы салықтың болжамы – 93 млрд. теңгені құрады, (РБ – 64,2 млрд. теңге, ЖБ – 28,8 млрд. теңге). 31.12.2019 жылғы қортынды бойынша 95 млрд. теңге түсті немесе жоспардан 102 % (РБ – 65 млрд. тенге, ЖБ –30 млрд. теңге).

2019 жылға нақтыланған қаржыландыру жоспары - 10 352 967,4 мың теңге. Жыл қорытындысы бойынша игеру 99,9% құрады, оның ішінде:

– басқарма аппаратын ұстау - 210 119,0 мың теңге;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету - 59 688,0 мың теңге;

- «Жас Қанат» шағынауданындағы сәбилер бақшасын материалдық-техникалық жабдықтау - 28 615,0 мың теңге;

- мемлекеттік органның күрделі шығыстары - 3744,0 мың теңге;

- мемлекеттік білім беру тапсырысы бағдарламасын іске асыру - 1 852 896,0 мың теңге;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету - 314 815,0 мың теңге;

- мерекелік іс-шараларды өткізу - 15 000,0 мың теңге;

- елді мекендердің көшелерін жарықтандыру - 185 408,0 мың теңге;

- С. Сейфуллин атындағы саябақтағы жарықтандыруды қалпына келтіру - 8 385,0 мың теңге;

- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 1 119 328,0 мың теңге;

- елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру - 428 971,0 мың теңге;

- ауғандықтар скверін ағымдағы жөндеу - 110 006,0 мың теңге;

- «Жас Қанат» шағынауданында спорт алаңдары бар сквердің ландшафтық жерінің өзгеруі - 98 000,0 мың теңге;

- Бас Қарасу өзенінің арнасын ағымдағы жөндеу - 72 880,0 мың теңге;

- өзен арқылы өтетін көпірлерді ағымдағы жөндеу - 105 000,0 мың теңге;

- Бекмаханов және Жансүгіров көшелерінің бойындағы арық желілерін ағымдағы жөндеу - 139 800 мың теңге;

- жасыл желектерді отырғызу - 24 837,0 мың теңге;

- аншлаг дайындау - 6 500,0 мың теңге;

- аула аумақтарын күрделі жөндеу - 4 651 878,0 мың теңге;

- Шолохов көшесі бойынша жаяу жүргіншілер аймағын күрделі жөндеу - 837 669, 0 мың теңге;

- 2020 жылға арналған аула аумақтары мен жаяу жүргіншілер аймақтарына күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірлеу және ведомстводан тыс сараптама қорытындысын алу - 38 560,0 мың теңге;

- Осипенко көшесі, 66 тұрғын үйінің техногенді сипаттағы төтенше жағдайларын жою және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары - 37 920,3 мың теңге.

Көріктендіру және ТКШ жаңғырту

Сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстау «Алматы Қала Жарық» МКМ мердігер ұйымы арқылы жүргізіледі. Ауданда 377 көшеде қашықтығы 458,2 шақырымды құрайтын 13 496 жарық шамдары және сыртқы жарықтандыруды басқаратын 157 шкаф бар.

Сыртқы жарықтандыруды жаңғыртуға және сапасын жақсарту аясында «Алматы қала жарық» МКМ келесі мекенжайлар бойынша: Майлин, Хмельницкий, Жансүгіров көшелері, Сүйінбай, Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдарының бойында жалпы ұзындығы 23 км шақырымды құрайтын 1609 бірлік жаңа бағана орнату көздеп отыр, жаңа желілер құрылысын жүргізіп жатыр.

Мердігер ұйым «Электроремонт» ЖШС «АҚЖ» АҚ-ның қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 109 көше бойындағы 1856 бірлік шамдарын, сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына 4 магистралдық көше - Сүйінбай даңғылы, Лавренев, Бекмаханов, Акан сері көшелері бойынша жалпы 17,5 шақырымды құрайтын қайта жаңғырту жұмыстарына өтінім берілді. Жарықтандырылмаған 320 көше бойынша 133,8 шақырымға жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.

Ауданның жоғарғы бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар 42 көше, 161 қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілерге арналған ұзындығы 91 шақырымды құрайтын 34 көше және 22 көше бойынша қашықтығы 59,4 шақырымды құрайтын арық желісін тазалауды және күтіп ұстауды «Алматы Тазалық» МКМ мердігер ұйымы жүргізеді.

Ауданның төменгі бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар, 83 көшені, ұзындығы 23 шақырым 14 жаяу жүргіншілер жолын және 39 қоғамдық көлік аялдамаларымен, 8,3 шақырымдық 3 көше бойынша арық желісін күтіп-ұстаууды және тазалауды «Алматы Дормеханизация» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді.

Жергілікті маңызы бар қашықтығы 230,8 шақырым 287 көшені және 27,8 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған 41 көшені, қашықтығы               13 шақырымды құрайтын 12 көше бойынша арық желісін тазалау жәнекүтіп ұстауды және 8,6 га құрайтын 11 сквер және 2 саябақты, 48,2 шақырымды бөлу жолақтары мен басқа да жасыл аймақтарды күтіп-ұстау жұмыстарын «КМС ГРУПП РК» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді.

«ЭКО Уход» ЖК мердігер ұйымы арқылы 9290 бірлік ағаштарды санитарлық кесу және 1368 ағаштарды санитарлық қырқу жұмыстары аяқталды.

Көктемгі кезеңде «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында Майлин көшесінің бойына европалық тұқымдас 300 дана шырша ағашы отырғызылды.

Сондай-ақ, 4200 бірлік өтемдік ағаштары және бастамашыл сипатта 2215 ағаш отырғызылды. Түрксіб ауданы бойынша жалпы 5050 бірлік ағаш отырғызылды. «Жас Қанат» шағынауданындағы мешіт маңындағы алаңды көгалдандыру аясында 5200 бірлік өтемдік жасыл желектерді отырғызу жұмыстары атқарылуда.

«Мамедов С. Т.»ЖК Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Боралдай көшелеріндегі 3 жер асты, Майлин, Сүйінбай көшесіндегі 4 жер үсті өткелдерін күтіп-ұстау мен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

№3 АОӨК СҚҚ-3 мердігер ұйымы арқылы бұрын егілген 2300 бірлік ағаштарды және 1615 ағашты бұталарды күту, 5600 бірлік ағашты қалыпты кесу жұмыстары жүргізіледі.

«ЗараГранд» ЖШС мердігерлік ұйымы арқылы 61,6 га жасыл желектерді қорғау жұмыстары атқарылды.

Тұрғындардың демалысын тиімді ұйымдастыру негізінде Алматы қаласы Жайлы орта басқармасымен бірлесіп, Шұғыла сквері және Балалар саябағына «Айсана-Пірман» ЖШС мердігер ұйымы арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шолохов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына күрделі жөндеу жұмыстары және төрт скверге («Шапағат», «Ардагерлер», «Даңқ мемориалы») қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

«Талдықорған Достық» ЖШС мердігер ұйымымен 42 жаяу жүргіншілер көпіріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жансүгіров көшесі бойындағы жалпы ұзындығы 5 км шақырым арық желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Арық желілерінің құрылысын қажет ететін 98,3 км шақырым 146 көшеге өтінім дайындалып, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасына 2020 жылдың жұмыс жоспарына енгізу үшін жолданды.

Международная көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің су тасу қаупінің алдын алу бойынша Бас Қарасу өзенінің 600 қ.м. шақырым арнасын кеңейту және бекіту жұмыстары жүргізілді.

2019 жыл бойынша Түрксіб ауданында 36-дан астам кішігірім сенбілік және Аэропорт өзенінде 2 қалалық сенбілік өткізілді және дислокация орындарында 7150 текше метр қоқыс шығарылды.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, «Высотник» ЖШС мердігер ұйымымен Коммунарлар, Коминтерн, Беляков, Якубов көшелерінің бойындағы Бас Қарасу өзенін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Кіші Алматы өзеніне Якубов көшесінен Новосибирск көшесіне дейін 2,5 шақырым қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы жасыл экономика басқармасына 15 км шақырымды Бас Қарасу өзенінің арнасына қайта жаңғырту жұмыстарына өтінім жолданды.

«РСУ» ЖШС мердігер ұйымы арқылы ағымдағы жылы қашықтығы 5,4 шақырымды құрайтын 15 көшеге (Зелинский, Хетагуров, Хетагуров 2, Сарымолдаев, Асфендияров, Кузьмин, Набережная, Александров, Песчанная, Сервантес, Монтажная, Рабочая, Сокольский, Остроумов, Щацкий көшелері)орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. I кезеңде 41 көшеге, IІ кезеңде 40 көшеге, IІІ кезеңде жергілікті және аудандық маңызы бар 20 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тынышбаев, Сауранбаев, Артиллерийский, Лавренев көшелеріне, Сүйінбай даңғылына қашықтығы 5,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Мердігер ұйым «Гордострой-2» ЖШС арқылы Сүйінбай даңғылы мен Элеватор көшесінің қиылысындағы айналма жолының құрылысы аяқталды.

Инженерлік желілер:

Газбен жабдықтау

Түрксіб ауданында 24 678 жеке үй орналасқан. Оның ішіндегі 23 988 үй орталық газбен жабдықтау желісіне 100% қосылған. Қалған 690 үйге газ магистралі жеткізілген. Тұрғындар газбен жабдықтаудың ішкі жүйесін монтаждау жұмысын жүргізуде.

2019 жылы «Әлмерек» шағынауданындағы 1100 үйге 209 млн. теңгенің сомасына газбен жабдықтаудың магистралдік желісін тарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Әлеуметтік жауапкершілік

«Нұршашқан», «Әлмерек» шағынаудандарындағы көптеген тұрғындар үйлерін газ магистраліне қостыра алмады, сондықтан көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар, мүгедектер үшін оларға қолдау көрсетудің тетіктері әзірленіп, ойдағыдай енгізілді.

Мердігер ұйым «АрсланСтройИнвест» ЖШС көп балалы, тұрмысы төмен азаматтардың, 37 адамнан тұратын мүгедектердің үйлерін жеңілдікпен газбен жабдықтаудың желісіне қосып берді.

Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша Сервантес көшесі,6 және Спасская көшесі, 77 мекенжайында орналасқан 16 үйдегі су құбыры желісінің учаскелерін апаттың алдын алу үшін ауыстыруға көмек көрсетілді.

Жылумен жабдықтау бойынша Чернышевский көшесі, 2 және Тынышбаев   көшесі, 4 мекенжайында орналасқан үйлердің тұрғындар ын жылу жүйесіне қосуға көмек көрсетілді.

Электр қуатымен жабдықтау бойынша Сейфуллин даңғылының бойындағы 145, 147, 149, 150-үйлердің тұрғындары үшін   кабелдік желінітөсеуге көмек көрсетілді.

Жылудың жалпы есептеу құралдарын (ЖЕҚ) орнату бойынша

Түрксіб ауданында 1168 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 1133 үй орталық жылу жүйесімен жабдықталған (533 үйге жалпы есептеу құралы орнатылған).

586 үйде жалпы есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндік жоқ, себебі 508 үй ескі, 78 үй пәтерлерінің саны аз болғандықтан, рентабельді емес.

СШЭА «АлЖЖ» ЖШС аймағы бойынша

Ахметов, Майлин, Огарев көшелерінің шаршысындағы «Аэропорт» қазандығынан Майлин көшесі, 10 үйге дейінгі аралықта орналасқан тұрғын үйлердің арасындағы жылу желілерін қайта жаңғырту аяқталды. Тапсырыс беруші «АлЖЖ» ЖШС, мердігер ұйым «АГС Пласт» ЖШС. Желілердің ұзындығы 1220 м, жоба бойынша 50 үйді қамту жоспарланған (1503 пәтер), бөлінген сома 451,2 млн. теңге.

Жөндеу жұмыстарының кезеңінде барлық тұтынушылар бір құбырдан бөлудің уақытша сызбасы бойынша ыстық сумен қамтамасыз етілді.

Сумен жабдықтау

«Қайрат» шағынауданында «Алвис» ЖШС мердігер ұйымы сумен жабдықтау және кәріз бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде, желілердің ұзындығы 2,4 млрд. теңгенің сомасына 61,3 км-ді құрайды. Бүгінгі күні оның 39 км төселген, 783 абонент жобамен қамтылған. Жұмыстардың басталу мерзімі 2018 жылдың қыркүйегі, жұмыстардың аяқталу мерзімі 2020 жылдың ІІІ тоқсаны.

Мердігер ұйым «Зидан» ЖШС «Нұршашқан» шағынауданында жалпы ұзындығы 47,4 км су құбырының және кәріздің магистралдік желілерінің құрылысын жүргізуде, бөлінген сома 2,1 млрд. теңге. Қазіргі уақытта су құбырының 5,7 км және кәріздің 3,2 км төселді. «Әлмерек» шағынауданында мердігер ұйым «Мелиоратор» ЖШС жалпы ұзындығы 28,8 км су құбырының және кәріздің магистралдік желілерінің құрылысын жүргізуде, бөлінген сома 980 млн. теңге. Қазіргі уақытта су құбырының 5,5 км және кәріздің 6 км төселді. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсаны.

Коммуналдық қызметтер үшін қарыз

2018 жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша дебиторлық қарыз 253,1 млн. теңгені құрады, 2019 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз 213,08 млн. теңгені құрады, қарыз 40,02 млн.теңгеге (16 %) азайды.

Әлеуметтік сала және мәдениет

Түрксіб ауданында 29 281 зейнеткер тұрады, оның ішінде: 22 ҰОС ардагерлері (оның ішінде ҰОС мүгедегі - 1), тыл ардагерлері - 1806,                         ҰОС және мүгедектеріне теңестірілгендер - 638, бұрынғы қоршауда болған Ленинград тұрғындары - 6, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерліктер – 3, ҰОСҚ жесірлері - 91.

Аудан әкімінің аппаратында үйде әлеуметтік көмек көрсететін                 3 бөлімше жұмыс жасайды, онда 283 жалғызілікті және жалғыз тұратын азаматтарға (оның ішінде 47 мүгедек) қызмет көрсетеді.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімімен 9030 адамға, жалпы сомасы 17,9 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленді.

Анықтама:

- 583,2 млн. теңге мөлшерінде аз қамтылған 1139 отбасы                       (5 660 отбасы мүшелері ) атаулы әлеуметтік көмек алды;

- 1 506 зейнеткерлерге 50,0 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек

төленді.

- 1228 аз қамтылған азаматтарға 53,3 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

- 16 адамға 6,9 мың теңге мөлшерінде табиғи апат, өрттің нәтижесінде немесе азаматқа (отбасына) мүліктеріне зиян келтірумен байланысты біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

- 217 аз қамтылған отбасыларға (351 отбасы мүшелері) 4,2 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді;

- үйде мүгедек балаларды тәрбиелейтін және оқытатын 118 отбасына 4,6 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленді;

- 60 адамға 506,8 мың теңге көлемінде ыстық және суық су үшін жеке есептегіш құралдарын сатып алуға, орнатуға немесе салыстыруға арналған өтемақы үшін әлеуметтік көмек көрсетілді.

- 28 соғыс ардагерлеріне (ҰОСА, ҰОСМ) 3,9 млн. теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілді;

- амбулаториялық емдеу кезінде туберкулезбен ауыратын 113 адамға 14,1 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсету

Ауданымызда 1650 көпбалалы отбасы тұрады, оның ішінде: 492- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, 1158 – кәмелетке толмаған және 4 баладан жоғары балалары бар отбасылар.

Алматы қаласында «Іскер Ана» бағдарламасының орындалу барысында «Бақытты отбасы» орталығы құрылды (Р.Зорге көшесі, 9). Шаштараз, маникюр, бет әрлеуші, SSM-маркетинг, бағдарлама жасау, компьютерлік дизайн бойынша оқу күрстары бар.

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларын және мүмкіндігі шектеулі әйелдерді бизнес пен маркетингке оқыту мақсатында ағымдағы жылдың 22 тамызынан бастап Староэлеваторский көшесі,17 мекенжайы бойынша орналасқан «Бақытты отбасы» орталығының филиалы ашылды (жалпы аумағы 177,3 ш.м.). Ол жерде тігін ісі, күту залы, коворкинг, әдістеме бұрыштары бар.

2019 жылғы 20 желтоқсандағы мәлімет бойынша:

- 255 адам оқыды;

- 333 адам – курстарда оқуда;

- 48 адам – курстарға жазылды;

- 90 адам - бизнестерін ашу үшін грант алғандар.

2019 жылы әкімшіліктің, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес саласының қолдауымен үнемі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрды. Олар: Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы.

2019 жылдың 28 қаңтары мен 30 мамыры аралығында әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының мектеп жасындағы балалары үшін «Open Mind» жобасы аясында ағылшын тілін тегін үйрету сабақтары өткізілді. Жобаға                   52 мұғалім мен 1040 оқушы қатысты.

«Я Алматинец» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, «Мейірімді істер саясаты-4» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 450 балаға Алматы және Алматы облысының ойын- сауық және демалыс орындары көрсетілді (24 маусым – 20 тамыз). Сонымен қатар «Мектепке барар жол» республикалық акция аясында бірінші сыныпқа баратын 380 балаға мектеп құралдары мен 25 оқушыға мектеп формалары берілді.

Аудандағы 106 мектепке дейінгі мекемелерде 6811 бала тәрбиемен және оқытумен қамтылған (2018 жылы – 95 ұйым (6893 бала).

оның ішінде:

22 мемлекеттік - 3868 бала;

41 жеке меншік - 1 941 бала;

43 шағын орталықта - 1 002 бала.

2019 жылы 389 орыны бар 12 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашылды, 126 бала мемлекеттік тапсырыспен орналасты, оның ішінде:

- 8 бала-бақшада 334 орын;

- 4 шағын орталықта 55 орын.

58 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлердің салған инвестицияларының жалпы сомасы 14,0 млн. теңгені құрады.

2018-2019 оқу жылдары 674 түлектің ішінен, 41 түлек «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды, 38 түлекке үздік аттестат берілді.

№49 жалпы білім беретін мектепке сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді және «Алтай-1» шағынауданында 100 орынды №32 қалалық емхананың филиалы салынды.

Мәдениет

12 айлық есеп бойынша ауданда 49 500 адамның қатысуымен 159 мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде: мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 94 іс-шара, адам саны 40 500, спорттық іс-шара 50, адам саны   8 500, мемлекеттік тілді насихаттауға арналған 15 шара 500 адамның қатысуымен өткізілді.

 Мемлекеттік қызметтер

Ағымдағы жылдың 12 айында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 166 аудандық мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізіліп, жалпы 52 600 адам қамтылды. Іс-шараның 95-і мемлекеттік және кәсіби күндерге арналған, 42 000 адам қамтылды, 55-і спорттық іс-шараға 10 000 адам қамтылды, 16-сы мемлекеттік тілді насихаттау бойынша, оған 600 адам қамтылды.

Әкімдіктің негізгі бағыттарының бірі салауатты ұлт пен болашақ ұрпақтың кепілі ретінде бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Осылайша, 2019 жылдың 27 желтоқсанында аудан тұрғындарына арналған «Mart Village» сауда фермерлік орталығының алаңында мұзайдыны ашылды.   

 Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу

2019 жылы құқық бұзушылықтар бойынша жалпы ашу 42,1% (2018 ж. 36,1%), қылмыстар бойынша 36,6% (2018 ж. 32,9%), ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 58,3% (2018 ж. 50,3%) құрады.

Тіркелген қылмыстардың криминалдық сипаттағы жалпы саны 3891, өткен жылғымен салыстырғанда 4823-і тіркелген, тіркеу төмендеуі 19,3% құрайды.

2018 - 2020 жылдары Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық орындарда, тұруға арналған орамдарда, жолдардың қауіпті аймақтарында бейнебақылау жүйесі орнатылуда. Бейнебақылау камераның көмегімен 176 құқықбұзушылық ашылды.     1073 үйге 4 633 бейнебақылау камералары орнатылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық анықтау желісі бойынша:

2019 жылы әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 20 703 637 мың теңге, өндіріп алу 67,9%.

Аудан аумағында 2019 жылы криминалдық жағдайды қалыптастыру мақсатында 3 мобильді посттар ашылды. Олар Осипенко көшесінде, «Жұлдыз-1» және «Жас Қанат» шағынаудандарында орналасқан.

Сонымен бірге жүргізуші тәртібін жоғарылату мақсатында 5 қиылыста және 5 жол үстіндегі жаяу жүргінші жолдарына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

 2020 жылға жоспарланған іс-шаралар

«Жас Қанат» шағынауданында ішінде инженерлік желілерге арналған алаңдары бар көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде, кейінірек оның инфрақұрылымы дамытылады – аумақтар көріктендіріледі, газбен, жылумен, жабдықтау қамтамасыз етіліп, су құбыры және кәріз желілері жүргізіледі. Сондай-ақ электр энергиясымен жабдықталып, телефон құрылады және жарықпен қамтамасыз етіледі. «Жас Қанат» шағынауданында кәріздік сорғы станциясының, сондай-ақ су құбырының және кәріздің желілерінің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қосылған учаскелердегі сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту бойынша «Нұршашқан», «Әлмерек», «Қайрат» шағынаудандарында су құбырының және кәріздің магистралдік және тарату желілерінің құрылысын жүргізу және қайта жаңғырту жоспарлануда, сондай-ақ «Төменгі бесжылдық» («Нижняя пятилетка») шағынауданында кәріз желілерінің құрылысына және су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Бекмаханов көшесінің бойындағы кәріздік сорғы станциясынан бастап коллекторға дейінгі аралықта кәріздік сорғы станциясын және кәріздік қысым коллекторының екі желісінің құрылысы басталатын болады. КВ-ГМ-7,56 қосымша қазанын орната отырып, «Вокзал» қазандығын қайта жаңғырту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Қосылған елді-мекендерді электр энергиясымен жабдықтау, «Тұздыбастау» ҚС-110/10 электр энергиясының беру желілерінің құрылысы» бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба бойынша «Нұршашқан», «Әлмерек», «Қайрат» шағынаудандарында тарату қосалқы станцияларын орната отырып, жаңа қосалқы станцияны және кабелдік желіні салу қарастырылып отыр.

Осы жобаны іске асыру іргелес кенттерді сенімді түрде және кідіріссіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жеке трансформаторлық қосалқы станцияларды монополистің теңгеріміне тапсыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Биыл «АЖ» АҚ-ның ақауы бар желілері бойынша сыртқы жарықтандыру желілерін салу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Нұршашқан», «Әлмерек», «Қайрат», «Жас Қанат» шағынаудандарында жолдар салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Ағымдағы жылы Шолохов көшесінен солға қарай бұрылатын жолды сала отырып, Сүйінбай даңғылын Б. Хмельницкий көшесінен бастап Шолохов көшесіне дейін қайта жаңғырту жүргізілетін болады.

Автокөліктердің ағынын жеңілдету үшін Бұқтырма көшесі мен Құлжа күре жолының қиылысында көлік жолайрығының құрылысы басталатын болады.

Сондай-ақ Майлин-Огарев көшелерінің («Фаворит» қонақ үйі), Майлин-Тоқай көшелерінің (Майлин-Лавренев-Бекмаханов көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының солтүстік-шығысында) қиылысында, Майлин көшесінің бойында, Қапал көшесінің оңтүстігінде («Газпромнефть» АЖС) жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Физули көшесі,10 мекенжайында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы, №19 қалалық емхана және №70, №86 бала-бақша бойынша күрделі жөндеу мен сейсмикалық күшейту жұмыстарына ЖСҚ дайындалуда.

2020 жылы 5 әлеуметтік саладағы нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

-        280 орынды «Жас Қанат» шағынауданындағы бала-бақша (берілу уақыты - 2020 жылдың қаңтары);

-        35 төсек-орынды №4 перзентханаға қосымша корпус салу (Станкевич көшесі,6) (берілу уақыты - 2020 жылдың мамыры);

-        600 орынды «Нұршашқан» шағынауданындағы жаңа мектептің құрылысы (аяқталу мерзімі - 2020 жылдың маусымы);

-        360 орынды «№4 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (Дегдар көшесі, РВ-90) (аяқталу мерзімі – 2020 жылдың ақпаны);

-        Шемякин көшесі,131 мекенжайында орналасқан «№1 Педагогикалық колледжінің» аумағында асхананың, жатақхананың, акт залының және спорт залының, оқу корпусының құрылысы;

 Құрылысы жоспарлануда:

-  «Жас Қанат» шағынауданында 280 орынды бала-бақшаның құрылысы;

-  Сейфуллин даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан ғимаратта 600 орынды жалпы білім беретін мектепті салу (жекеменшік инвестиция);

-  әрқайсысында 200 төсек-орны бар 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория. Олар «Жас Қанат» шағынауданында, 13- әскери қалашықта, РВ-90-да, Айбасов көшесінде орналасқан.