2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.

Мұрағаттық қор-1784 кітап. Қордың №88 пен 1871 аралығындағы 87 кітап мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық кітаптар тігіліп, тізім жасалған.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2019 жылы -12061 акт жазбалары тіркелінген.

2018 аналитикалық жылда-11467 акт жазбасы тіркелінген. 2018 жыл мен 2019 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу-5,2 пайызға өскен.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-5633 акт жазба.

2018 жылы-5451 акт жазба тіркелінген болатын. Салыстырсақ, 5,3 пайызға өскен.

Қайтыс болуды тіркеу-1772, 2018 жылы -1767.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-0,01 пайызға артқан.

Неке қиюды тіркеу-2643 акт жазбасы 2019 жылы, ал 2018 жылы-2455, 7,7 пайызға артқан.

Неке бұзуды тіркеу-2019 жылы-1063 акт жазба, 2018 жылы-935,өткен жылмен салыстырғанда, 13,6 пайызға артқан.

Әкелікті анықтау-650 тіркелінген, 2018 жылы-613. 6 пайызға өскен.

 Бала асырап алу-29, ал 2018 жылы-15, 200 пайызға кеміген.

 2019 жылы тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -203 акт жазба тіркелінген. 2018 жылы-171, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-19 пайызға артқанын байқадық.

 Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2019 жылы -16 млн.908 мың 269 теңге 5 тиын мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2018 жылы -14 млн. 178 мың 460 теңге, 19 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі 2019 жылы 17440 мемлекеттік қызмет көрсетті.

ЭлектрондыҮкімет порталы арқылы-4355

Мемлекеттік корпорация арқылы-10294

ТМО арқылы-2791

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі 2018 жылы 16850 мемлекеттік қызмет көрсетті.

ЭлектрондыҮкімет порталы арқылы-3993

Мемлекеттік корпорация арқылы-10202

ТМО арқылы-2655

Осыған орай, электронды Үкімет арқылы азаматтардың өтініш қабылдауы 9,06 пайызға артқан.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар толық орындалды.

 Электронды өтініштер туралы бөлім басшысының «Асыл арна» телеканалында 2 шығарылымы болды, электронды үкімет порталына басқа да мемлекеттік қызметтерді енгізуге байланысты мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен семинарлар өткізілді.

10.04.2019 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының АХАТ бөлімі басшысының қатысуымен, Буденного к-сі, 53 орналасқан «Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген құрбандарына арналған дағдарыс орталығы»-нда аудандық отбасы-демографиалық саясатының және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жинында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген құрбандарына арналған дағдарыс орталығы»-ның қызметі туралы айтылды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы «Тин Челлендж Казахстан» қорының есебі тыңдалды. Өткізілген бағдарлама психологтардың қатысуымен қиын өмірлік жағдайлара тап болған барлық азаматтарға арналып өткізіледі. Сонымен, осы орталыққа ең көп жүгінген-79 пайыз әйелдер құрайды, балалар 18 пайыз және 3 пайыз ер адамдарда бар. Ж.Дюсембаева «Электронды Үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы үгіт-насихат жүргізді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтардың Электронды үкімет арқылы өтініш білдіруге болатыны туралы айтылды.

 06.09.2019 жылы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінде Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Роман және Марина Панфиловтар күміс және алтын той иелерінен ақыл-кеңес алды.

 07.05.2019 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің салтанат залында ҚР Отбасы күніне арналған мейрам аталып өтті.

08.10.2019 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаевамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимаратында жиналыс өткізілді. Қайтыс болуды тіркеу бойынша түсініктеме берілді. Қайтыс болған азаматтардың әскери билеттерін қорғаныс істері жөніндегі басқармаға өткізу үшін қабылдау керек екендігі түсіндірілді.

Жиналысты АХАТ бөлімі қызметкерлерімен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері арасындағы өзара жұмыс және электронды үкімет арқылы барлық мемлекеттік қызмет түрлері бойынша азаматтардың өтінішін қабылдауды арттыру туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, «Электронды Үкімет» арқылы қайталама куәліктер мен анықтамаларға өтініштер қабылдау мүмкіндіктері айтылды.

08.11.2019 жылы Медведев Алексей Александрович пен Галины Николаевнаның алтын тойы аталып өтті. Залда той иелерінің туыстары мен қонақтары болды. Аудан әкімі П.С.Кулагиннен той иелері атаулы сыйлықтар мен құттықтау алды.

06.03.2019 жылы Матвеев Александр Андреевич пен Вера Николаевнаның 50-жылдық алтын тойлары өтті.

Ауданы әкімінің атынан құттақтау болды, сценарий бойынша құттықтаулар мен сыйлықтар болды.

06.09.2019 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданының еңбек ардагерлері, ардақты зейнеткерлері, біздің ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтан тұтар азаматтары Рахым Көкенұлы мен Ғалия Садибекқызының 50-жылдық Алтын тойлары аталып өтті.

Осындай мерейтойлар-болашақ жеткіншектерге керемет тәлім-тәрбие. Мерейтой иелерінің өмірі-бұл қарым-қатынас құраудағы тәжірибе, өмірдің әртүрлі жағдайында бір-біріне деген қарым-қатынасты сақтау.

2019 жылы АХАТ бөлімінде-2455 неке қиылды. Барлығы салтанатты залда өтеді. Міндетті түрде неке қию барысында өмірлік жауапкершілік туралы түсіндіріледі. Бұндай неке-қию рәсімінде жас-жұбайлары барлық салтанатты сәтті сезінеді: мемлекеттік туды, елтаңбаны, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, сөзді неке қию барысындағы.

АХАТ бөлімінде отбасы институтын нығайтуға арналған, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жолдаы туралы іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Неке қиюға келген азаматтардың көпшілігі электронды үкімет порталы арқылы тапсырғандар.

Көрсетілген кезеңде 1063 неке бұзу орын алды, 43 пайыз неке қиюды құрайды.

Бөлімде отбасы институтын нығайтуға байланысты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты іс-шаралар жүргізіледі.

АХАТ бөлімі кәмелетке толмаған жөніндегі отырыстарда комиссия құрамында. 2019 жылы 8 комиссия отырысы өтті.

ТП АХАТ база бойынша артибутирования жұмысы аяқталды.

25.11.2019 жылы ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы» Кодексіне өзгерістер енгізілді, АХАТ бөлімінің жұмысына әсер ететін: азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша жаңа Ережелердің қабылдануы, мемлекеттік қызмет көрсету Регламентіне және Стандартына өзгерістер енгізілуі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі үшін мемлекеттік органның интернет-ресурс сайтына «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне әрқашан электронды ақпараттар жарияланып отырады, мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша жылдық есептер, мемлекеттік қызметтердің паспорттары, мемлекеттік қызметтердің регламенттері, мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу нәтижелері, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және кеңес алу үшін байланыс телефон нөмірлері.

 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қызметкерлерден жемқорлықтың алдын алу туралы тест алынды. Электронды Үкімет порталы жайлы жиналыстар мен жиындар өткізілді.

Корреспонденция бойынша:

01.01.2019 жыл мен 31.12.2019 жыл аралығында:

- заңды тұлғалардан-1876, оның ішінде ЛОТУС арқылы-4069

-жеке тұлғалардан-290 оның ішінде ЛОТУС арқылы-14 өтінішін қабылданған.

-электронды үкімет арқылы-26 сұраныс.

Ал шығыс құжаттар-3211.

 Көрсетілген мерзім ішінде әртүрлі мемлекеттік органдардан сұраныстар түсті: ҰҚК-320,ЗТМО-58, ҚР бойынша басқа АХАТ бөлімдерінен138, жақын шетел АХАТ бөлімдерінен-95, Әділет департаментінен-79,көші-қон полиция бөлімдерінен-110, ІІД мен ІІБ-67, соттан-48, бейімдеу орталығынан-45, нотариустардан-97 және т.б..

Сот процесстеріне қатысу:

1.10.04.2019 жылы Е.Вершина өтінішінің негізінде азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

2. 15.04.2019 жылы Н.Веляхуновтың өтініші азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

3. 10.04.2019 жылы И.Г.Заяцтың өтініші негізінде неке бұзу туралы акт жазбасын жою туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

4.31.05.2019 жылы И.Г.Заяцтың өтініші неке бұзу туралы акт жазабсын жою туралы сот процессі, жауап беруші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

5. 19.06.2019 жылы А.Т.Каражановиың өтініші негізінде әкелікті анықтау туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Түрксіб аудандық соты.

6. 27.06.2019 жылы Лю Юйланьның өтініші негізінде қайтыс болу туралы акт жазбасын жою туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласының Әуезов аудандық соты.

7. 20.08.2019 жылы Н.Кушниковның өтініш негізінде әкелікті анықтау туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Түрксіб аудандық соты.

8. 18.08.2019 жылы Е.В.Тодордың өтінішң негізінде заңды фактісін растау туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде.Алматы қаласы Бостандық аудандық соты.

9.06.09.2019 жылы О.Сембековтың өтініші азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

10.04.09.2019 жылы И.Заяцтың өтініші неке бұзу акт жазбасын жою туралы сот процессі, жауапты тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

11. 25.09.2019 жылы В.Гребенщикованың өтініші негізінде заңды фактісін растау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

12. 12.09.2019 жылы В.Кушникованың өтініші негізінде әкелікті растау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

13. 15.10.2019 жылы Н.Солдатенконың өтініші негізінде туу туралы акт жазбасын жоққа шығару туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

14. 06.11.2019 жылы А.Бахтыбаеваның өтініші негізінде әкелікті жоққа шығару туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

15. 14.11.2019 жылы Е.Тодордың өтініші негізінде заңды фактісін растау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

16.13.11.2019 жылы Л.Миронованың өтініші негізінде туу туралы акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

17. 13.11.2019 жылы С.Логинованың өтініші негізінде әкелікті растау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

18. 21.11.2019 жылы И.Шаехованың өтініші негізінде әкелікті алып тастау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

19. 18.11.2019 жылы №1 балалар үйінің өтініші негізінде аз.Адылгезалова анасы туралы мәліметті алып тастау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

20. 25.11.2019 жылы Н.Серикбаеваның өтініші негізінде бала асырап алудан кейінгі туу туралы акт жазбасына өзгеріс енгізу туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

21. 06.12.2019 жылы А.Андрееваның өтініші негізінде заңды фактісін растау туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

22. 14.10.2019 жылы А.Аскарованың өтініші негізінде әкелікті растау туралы акт жазбасына түзету енгізу туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

23. 04.12.2019 жылы Б.Бектурганованың өтініші негізінде әкелікті растауды жоққа шығару туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

24. 18.11.2019 жылы В.Бриксаның өтініші негізінде Бердникова В. Қатысты а.ә.т. өзгерту туралы акт жазбасын жоққа шығару туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

25.18.12.2019 жылы Ә.Б.Базарбайдың өтініші негізінде туу туралы акт жазбасына туылған күнін түзету туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

 АХАТ бөлімінің басшысы                                                                                   Ж.Дюсембаева