A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Жалпы ақпарат


Түрксіб аудандық Балалар шығармашылық үйінің «Возрождение» сән үлгі театры Жетекшісі: қосымша білім беретін педагог Ирина Александровна Петропавловская Түрксіб аудандық Балалар шығармашылық үйіндегі «Возрождение» сән театры 1999 жылы құрылған. 14-17 жастағы үйірмедегі қыздар қағаздан эскиздер жасап, жиналған матадан үлгі жасап өз қолдарымен ескі үлгіден жағаның, корсеттердің қаңқасын жасап бірінші сән топтамасын құрған. Бұл салтанатты бастама болған, себебі бұл топтаманың құрылуына ескі тарихи көйлектерге атау бере отырып БШҮ барлық педагогтары қатысқан. Мысырлық алтын түсті көйлек Клеопатра деп аталған, Наполеон дәуірінің үлгісі - әрине, Жозефина делінген. Тарихи жеті костюмдердің көрсетілімі Республикалық балалар және жасөспірімдер Сарайының сахнасында өткен Балалар шығармашлығының есеп беру концертінің сәні болды. Арнайы музыка мен Микеланджело, Тютчев, Пушкин, Ахматованың өлеңдерімен алып жүрді. «Отражение» топтамасы ұжымға үлкен жеңіс әкелді. Алматы қаласының жетекші киім дизайнерлері және модельерлері «Возрождение» Сән театрын Мұғалімдердің білімдерін жетілдіру институтының қолдауымен И.А.Петропавловскаяның бастамасымен мектептің және мектептен тыс мекемелерінде өткізілген қалалық сән театрының 1-ші байқауында Гран-при жүлдесін берді. Осы топтамамен бірінші рет сахнаға ең жас сәнқойлар: 4 және 5 жастағы Ксюша және Катюша шықты. Бұл ұжым төрт жылдан бері Гран – при жүлдесін алып аталған байқаудың жүлдегері атанып келеді (2002 ж, 2003, 2004 және 2005 жылдары). 2001 жылы ұжым Алматы қаласының «Өзіңе жол» балалар шығармашылық 1-байқауының Дипломанты болды. 2003 жылы осы байқаудың лауреаты болды. 2003 жылы «Возрождение» Сән үлгісі театрының дефилесі «Ерке» саябағында болған Қала күніне орай ұйымдастырылған балалар фестивалінің көркі болды. Ирина Александровнаның жетекшілігіндегі «Возрождение» театрының қатысушылары костюмдер жасау өнерінен басқа макияж жасау, шаштараз және дефиле өнерін меңгереді.